Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

3099 просмотров

Денсаулық басты назарда

ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру мақсатында медициналыққызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау,саланыңпрофилактикалықбағыттылығын қамтамасызету,медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру мақсатында медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау,саланың профилактикалықбағыттылығын қамтамасыз ету,медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ауданда жалпы тұрғындардың саны -45224 ,оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 13194,жасөспірімдер-1515 ,босануға қабілетті жастағы әйелдер -9444 .Қазір аудан тұрғындарына аудандық орталық ауруханасы 75 керуеттік орнымен, тәулігіне 250 адам қабылдайтын емхана,күндізгі стационары 71 керуеттік, 7 дәрігерлік амбулатория,3 фельдшерлік- акушерлік пункт,19медициналық пункт медициналық көмек көрсетеді.

Ауруханада 73 дәрігер,303 орта буын медициналық қызметкерлері тұрғындар қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.Медицина саласына жаңа дамыту үшін медициналық білім жетілдіру курстарында өтуде. Жұмысымыздың басты бағыттары профилактикалық яғни аурулардың алдын алу шараларын,скринингтік зерттеулерді сапалы жүргізу,негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жарақаттардың диогностикасын,емдеу мен сауықтыруды жетілдіру болып табылады.Балалар арасында ауруды ерте анықтау,ересектер арасында жүрек-қан тамырларын,әйелдер арасында сүт безі мен жатыр мойыны қатерлі ісіктерін,қант диабеті,су қараңғылық,тік және ток ішек,қуық асты безінің,өңеш пен асқазанның қатерлі ісіктерін ерте анықтау үшін халықтың мақсаты топтарының денсаулық жағдайын бақылау бағытында Ұлттық скринингтікбағдарламасы іске асырылуда.Жоспарланғантұрғындардың барлығы түгелдей қаралып,арасында табылған науқастары бойынша есепке алынып,сауықтыру шаралары жүйелі жүргізілуде.

Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті сапалы ұйымдастыру үшін медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігі қарастырылып,емдеуге жатқызу бюросы арқылы жоспарлы жатқызу көзделген.Сонымен,қатар тұрғындарды тіркеу порталы жұмыс жасап,қазір аудан бойынша 46524 адам тіркелген.Бұл порталда 21 алқап тіркелген,14 қала бойынша,7 –уі ауылдық елді мекендерде.Аудан тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетуді жетілдіру мақсатында қосымша 2 жалпы тәжірибелдегі дәрігер алқабы ашылды.

Ауданымыздың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын нығайып келеді.Ауруханаға қан құрамын толықтай анықтайтын жаңа гематологиялық анализатор Mythic алынды.Жаңадан Sonoscape ултрадыбыстық зерттеу аппараты (УЗИ),ауа арқылы залалсыздандырғыш 2 дана(80 литр),ауылдық жерлердегі науқастарға кардиологиялық көмекті сапалы ұйымдастыру мақсатында дистанционды жүректі түсіртін құны 3971700 теңге болатын 6 Телекард апараты,2 Micros микроскопы,туберкулез ауруын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін Gene expert анализаторы,3 көзішілік қысымды өлшейтін тонометр,1 жедел жәрдем көлігі,орталық аурухананың жылу қазандығына құрал-жабдықтар алынды,компьютерлік томография алуға келісімшарт жасалды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.Бұл жүйесінің артықшылығы ,тұрғындар тапқан табысына қарамай кең көлемде жоғары деңгейдегі медициналық көмек алу болып отыр.Осы мақсатта тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,емханаға тіркеужәне статустарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.Ақпараты жүйелерді біріктіру,мобильдік қосымшаларды қолдану мақсатында мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн egov порталында мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетілуде,яғни DamuMed медициналық электронды сервисі арқылы дәрігерді үйге шақыру,дәрігердің қабылдауына жазылу,алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелу әр адам Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке электрондық сандық қолтаңба алу арқылы ұйымдастырылуда.

Ана мен бала денсаулығы ұдайы басты назарда.Аудандық ауруханаға қарасты емханада «Сау балалар бөлмесінде» тіркеуде тұрған әрбір баланың ата-анасы және жүкті әйелдер дәрігерлерден кеңес алып, емін-еркін әңгімелесуге жағдай жасалған. Сонымен қатар емханада «Артериялдық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы», «Диабет»,«Жас аналар», «Отбасын жоспарлау», «Босануға дайындық», «Егде жастағылар», «Темекіге қарсы күрес», «Қауіп-қатер факторымен күрес» мектептері және «Желкен» атты жастар денсаулық орталығы жұмыс жасайды. Аудан тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттауды тұрақты санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жыл басынан 32 мақала жарияланып, 225 дәріс оқылып, 32 акция ұйымдастырылды.Сондай ақ25 ашық есіккүні,119дөңгелек үстел өткізілді.

Елді мекендерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, 2 дәрігерлік амбулатория , медициналық пунктғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу, жаңадан салу мәселелері бар екені анық. Әсіресе теміржол бойында орналасқан елді мекендердегімедициналықпунктқұрылыстарынсалумәселесібүгінгі таңда ең өзекті мәселеніңбіріболып отыр . Байқадам фельдшерлік –акушерлік пунктіне газ кіргіздік.Сонымен қатар 2 фельдшерлік акушерлік пунктке күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындап,мемлекеттік сараптамадан өткізіп,қаржы бөлінуі үшін сұраныс беріп отырмыз.Жылытудың экономикалық тиімді көздеріне ауысу бүгінгі заман талабы.Осы ретте биыл ауылдық жерлерде орналасқан 3 медициналық мекеменідизельдік немесе көмір отынынан электр тогымен жылытылатын пешке ауыстырамыз деген жоспарымыз бар .Бұл өз кезегінде қаражатты тиімді пайдалануға және заман талабына сай халыққа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.Құрылысжұмыстарынжүргізуүшінжер бөлдірту,жер актілерін дайындау жұмыстары үнемі басты назарда. Болашаққа сеніммен қарай отырыпөңірдің дамужоспарынасәйкес медициналық нысандардыңқұрылысжұмыстарыөз деңгейінде жүргізіліп ,халық үшін қалтқысыз қызмет етедідеген сенімдеміз.


Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.